- Advertisement -

Бюджетке нақтылау енгізілді

47

- Advertisement -

Мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында жалпы саны алты мәселе қаралды. Ең негізгісі – 2022- 2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау болды.

Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов қатысқан сессия отырысы ZOOM платформасында онлайн режимде өтті. Оның себебі – депутаттардың басым бөлігі еңбек демалысында, шетелдерде екендігімен түсіндірілді.

Сонымен, облыстық бюджеттің жай-күйі туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Абдралиева баяндама жасады. «Сіздердің қарауларыңызға 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасын ұсынуға рұқсат етіңіздер» деген ол «Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырысты қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады» дегенге сілтей отырып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 138 000 мың теңге, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 70 000 мың теңге және облыстық дін істері басқармасына «Өңірді діни ахуалды зерделеу және талдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 093 мың теңге нақтылауды ұсынды.

Сондай-ақ ол депутаттардан «Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, №46 жайдағы 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы» жобасын сараптамадан өткізуге –2 000 мың теңге; «Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы 150 адамға арналған ІІД, КІІД аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдеріне арналған ғимараттар» жобасына ЖСҚ әзірлеуді бастауға – 100 мың теңге; Шу ауданы Төле би ауылы С.Шакиров атындағы орта мектебіне жапсарлас акт зал, спорт зал, 2 оқу кабинеті және қазандық құрылысына ЖСҚ әзірлеуді бастауға 100 мың теңгені бекітулерін сұрады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысқан халық қалаулылары басқарма тарапынан ұсынылған нақтылауларды бір ауыздан қолдады.

 Маржан РАҚАЙ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support