Алаш ардагеріне тағзым
Сарысу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазғы оқылым өтті. Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова ашып берді. Жазғы оқылым аясында абонемент бөлімінің қызметкерлері Г.Сарманова, Л. Рахимбаева, коворкинг орталығының қызметкері Р.Қадырбекова тарихи тұлға туралы оқырмандарға мол мәлімет берді. Кітапхана оқырмандары және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры С.Тоқбанов А.Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды.
Жоба аясында келесі кезекте «Өркендеген, көркем өлкем – Сарысуым» атты кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Ұйымдастырушылар жастарды, қаламыздың әр сала бойынша өркендеуіне атсалысуға шақырып, биылғы мерейтой иелеріне тоқталды. Кітапхана қызметкерлері кезекпен кезек өлке тарихын, өркендеу жолын, тұғырлы тұлғалары мен ақын- жазушыларды жиналған қауымға таныстырып отырды. Көрмеге 87 басылым қойылып, тұрақты оқырмандарға 24 кітап берілді.
Бегайым НҰРЖАНОВА.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




