«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Ысқырғым» келіп тұр

«Ысқырғым» келіп тұр
ашық дереккөз
«Ысқырғым» келіп тұр

Ауылда үйге қонақтар жиі келеді. Сондайда үй иесінің кішкентай қызы: «Апа, кіш еткім келіп тұр», – дейді. Анасы қызының бұл сөзіне ұялып, қонақтар кеткен соң: «Қызым, өйтіп айтпа. Бұдан кейін дәрет қысып бара жатса, «ысқырғым келіп тұр» деп айт, әйтпесе ұят болады, – деп үйретіп қояды. Қыз атасы мен әжесінің үйіне келеді. Жарым түнде жас қыз дәрет қысып оянады да: – Әже, ысқырғым келіп тұр, – дейді. – Қой, айналайын, елдің бәрі ұйықтап жатыр, ертең ысқыр, – дейді әжесі. – Жоқ әже, қатты ысқырғым кеп барады,– дейді қыз шыдамсызданып. – Болмайды. Қазір түн, ертең ысқырасың, – дейді әжесі. – Әжетай, таң атқанша шыдай алмаймын, дәл қазір ысқырғым келіп тұр, – дейді қыз жыларман болып.

Оны-мұны, көди-сөдиден теріп, дайындаған Серік Байшуақұлы.

Мұны немересінің еркелігі деп түсінген әжесі: – Жарайды, ысқырсаң, атаңның құлағына барып ысқыра ғой, – депті.

Ұқсас жаңалықтар