Автокөлік ұрлаған күдікті ұсталды
Тараз қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына таңғы сағат 4:20 шамасында қаладағы мейрамханалардың бірінің алдынан белгісіз тұлғаның «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті айдап кеткені туралы хабарлама түскен. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаладан шыға берісте облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны мас күйінде ұсталды.
Күдікті өз әрекетін таңғы сағат 4-те таксиді тоқтата алмай, ал үйге қандай да жолмен жету керектігімен түсіндірген. Сондай-ақ ол ұрлаған көлікпен қосымша ақша табуды ойлап, жолай жолаушыларды алып кеткісі келген. Бірақ полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан. Нәтижесінде, көлікті басқара алмай, қақтығыс жасаған.
Сонымен қатар күдіктінің 2019 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Дәрігерлерге қамқорлық артады
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді