Дүниежүзілік банк еліміздің даму мәселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды
- author «Ақ жол»
- 26 қазан, 2014
- 761
Елбасы Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директоры және операциялық мәселелер жөніндегі директоры Шри Мульяни Индраватиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы, соның ішінде 2014 жылы мамырда қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісім аясындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған түрлі экономикалық сын-қатерлерді қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін, онымен біздің еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бері ынтымақтасып келе жатқанын айтты. – Сіздің банктің бағалауы бойынша, Қазақстанда бір кездері 35 пайыз болған, табысы күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесі 3 пайыздан төмен көрсеткішке дейін қысқарды. Біз мұны үлкен жетістік санаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ш. Индравати өз кезегінде Қазақстанның өңірлік және жаһандық ықпалдастық саласындағы ілгерілеуін атай отырып, біздің еліміз су және энергетика ресурстарын пайдалануды өңірлік реттеу мәселесінде маңызды рөл атқаратын болады деп үміттенетінін жеткізді. Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Сол уақыттан бастап, 41 жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған Дүниежүзілік банк еліміздің даму мәселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




