* Жуалы ауданы – облыстың оңтүстік-батысында орналасқан, 1928 жылы құрылған әкімшілік бөлік. Алғашында Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) құрамында болған. 1951 жылы Жамбыл облысының құрамына кірді. Жерінің аумағы 4,2 мың шаршы шақырым. Тұрғындар саны – 50 мың адам. Аудандағы 50 елді мекен 14 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылы.
* Қаһарман қолбасшы, аты аңызға айналған Кеңес Одағының Батырлары Бауыржан Момышұлы, Дмитрий Пахомов, генерал-лейтенант Дмитрий Кавешников, Владимир Вишневецкий және Федор Кердан, «Даңқ» орденінің үш бірдей толық иегері Тайыр Тастандиевтің есімдері тарихтың бетіне алтын әріптермен жазылды.
* Жуалылық қаламгерлер көшін бастап тұрған Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Кәрім Баялиев және басқа да талантты ақын-жазушылар қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан. қазір олардың ізбасарлары қазақ тілі мен әдебиетінің өркендеуіне атсалысып жүр.
* Бокстан Олимпиада чемпионы, «Баркер» кубогының иегері Бақтияр Артаев, кикбокстан еліміздің және әлемнің бес дүркін чемпионы Ғани Досаев, таэквондодан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Имантай Әбеев, самбодан және қазақ күресінен бірнеше дүркін әлем және ел чемпиондары Сәлкен Жартыбаев жуалыдан қанат қаққан сайыпқырандар.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




