- Advertisement -

Санға емес, сапаға көңіл бөлінеді

153

- Advertisement -

Кезінде Тараз қаласында 165 аула бойынша үлкен мәселелер туындағаны белгілі. Тұрғындар мен қоғам белсенділерінің тарапынан, көптеген арыз-шағымдар да болды. Өз кезегінде Тараз қалалық мәслихатының белсенді депутаттары тарапынан бұл мәселе бір емес, бірнеше рет көтерілді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары бұл жұмыстар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Тараз қаласы басшылығы тарапынан биылғы жылға 100 аулада жұмыстар жүргізіледі делінген еді. Өкінішке орай, зерделеу барысында бұл жоспарлардың толықтай талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталып отыр. Яғни аулалар жоспарларында автотұрақ, жол және басқа да абаттандыру жұмыстары қарастырылмаған.
Биылғы жылы 23 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізіледі
Бұл туралы бүгінгі Тараз қалалық мәслихатының сессиясында қала әкімінің м.у.а. Қайрат Исмайыл мәлімдеп, бұл ұсыныс қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапты.
Биыл кезінде тиісті деңгейде көңіл бөлінбеген, мәселелері қордаланып қалған 15-ші мөлтек ауданындағы жұмыстарға көңіл бөлінбек,- деді.
Жылыту маусымының күні кеш емес екенін ескерсек, біз ең алдымен 15-ші мөлтек ауданы тұрғындарының биылғы қыста жылусыз қалмауын қамтамасыз етуіміз қажет!
Әрине, мүмкіндік болса, қаланың жұмыстары жасалмаған барлық аулаларға көңіл бөлінгенге не жетсін, бірақ барлық мәселе қаржыға келіп тірелетіні белгілі.
Дегенмен алдағы жоспарларда бұл мәселелер де бұйырса рет- ретімен шешімін табар.
Көрпемізге қарай көсіліп, санға емес сапаға көңіл бөлетін уақыт келді.

 

                                             Жамбыл облысы әкімінің қоғаммен кері байланыс жөніндегі кеңесшісі                                        Нұр-Мұхаммед Ниязбеков

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support