
(Әні бар) Жүз жыл бұрын кесіліпті тұсауың, Өзіңмен бір қуанамын, ұшамын. Құтты болсын мерейтойың ғасырлық, Тола берсін гүл шоқтарға құшағың. Қайырмасы: «Ақ жол», «Ақ жол», шырқа бір ән жаңарып, Өзіңде бар кемелділік, даналық. Шырқа, шырқа! Шырқа армандарыңды, Тек шындық пен тазалықтан жаралып. Көңіл бөлген уақыттың сазына, Сенің сөзің – асыл, қымбат қазына. Жадыратып оқырманның жүрегін, Жалындай бер өрлеу жолын жазуда. Қайырмасы: «Ақ жол», «Ақ жол», шырқа бір ән жаңарып, Өзіңде бар кемелділік, даналық. Шырқа, шырқа! Шырқа армандарыңды, Алыс қалған күндеріңе оралып. Қыран ойың биік көкте самғасын, Адал жолың сені ұдайы қолдасын! Елді сүйген бағытыңа берік бол, Кеңейте бер ізгі өмірдің арнасын. Қайырмасы: «Ақ жол», «Ақ жол», шырқа бір ән жаңарып, Өзіңде бар кемелділік, даналық. Шырқа, шырқа! Шырқа армандарыңды, Уақыттың талабынан нәр алып!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді