«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мерекелік достық әзілдер

Мерекелік достық әзілдер
ашық дереккөз
Мерекелік достық әзілдер

Ұлы Отан соғысының ардагері, ардагер журналист Мүтәліп Ережепбаевқа Маңайға шуақ септіңіз, Бастыңыз қадам асыға. Жетсем деп жүріп жеттіңіз, Жамбыл ақынның жасына. Майданда қорғап біздерді, Айттыңыз кейде сол жайлы. Майдангер ата сізге енді, Жүз жастан аспай болмайды. Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық «Ғұмыр-дария» газетінің директор-бас редакторы Жаңабай Миллионұлына Шәкірт шыңдап біліммен, Нұр себе білдің көктем боп. Еңбегіңіз сіңірген, Айдалаға кеткен жоқ. Биік сіздің орныңыз, Ашқаның – «Ғұмыр-дария». Сарысудағы жылдарың, Жалпақ жұртқа жария. Ал өзіңіз болдыңыз, Өңірге сыйлы қария. Ақпарат саласының үздігі Ақылжан Мамытқа Жан жоқ сізді білмеген, Шыққан биік белесің. Жиырма жеті жыл деген, Білеміз оңай емесін. «Аq jol»-ға арнап ғұмырды, Әлі де сізде қарқын бар. Өзіңізден шын үлгі, Алады жас толқындар. Ақпарат саласының үздігі Ерман Әбдиевке Ғылымға жансың жақын да, Ізденіс дәмін таттыңыз. Жұмысты Шерхан атында, Орталықтан таптыңыз. Қай жерге де сіз керек, Құшақты кеңге жаясың. Тарихты талай тізбелеп, «Аq jol»-ға беріп қоясың. Облыстық «Jambyl» телеарнасының аға редакторы Жалғас Саңғылға Өңірге Жалғас Саңғыл бақ, Азаматсың көсілер. Сен сөйлесең самбырлап, Талай түйін шешілер. Етегі бар, жеңі бар, Құнды ойларды баптайсың. Әлеуметтік желі бар, Тегі тыным таппайсың.  

Ұқсас жаңалықтар