Жиын-терін науқаны басталды
Биыл Т.Рысқұлов ауданының диқандары өнім жинауға кірісті. Аймақта алғаш болып егінге орақ салған «Ернар» және «Мақпал» шаруа қожалықтары бітік өскен масақты дақылдардан өнген дәнді шашпай-төкпей жинап алудың қамына кірісті. Диқандар егінге орақ салғанда аудан әкімі Ерболат Садырқұлов та алқаптың басына барып, шаруалардың еңбегіне табыс тілеп қайтты.
«Егіншілік – ежелгі кәсіп, еңбекшіге – нәсіп» дегендей, биылғы жиын-терін науқаны мерзімінен кешікпей басталды. Ендігі міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату болып тұр. Биыл аудан бойынша 136 671 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілген. Оның ішінде күздік бидай – 55200 гектар болса, 53073 гектар аумақты жаздық арпа алып жатыр. Айта кетерлігі, Т.Рысқұлов ауданында шаруалар жыл сайын ауылшаруашылық техникаларын жаңалап, науқанға сақадай сай шығуға дағдыланған. Биыл да сол үрдістен жаңылмай, дайындық жұмыстарына ерте кіріскеннің жөні бөлек болды.
Өңір диқандары жауын-шашынға ұрынбай, астықты уақытында орып алудың қамын ойлауда. Дегенмен алаңдауға негіз жоқ. Себебі, шаруалар техника мен жанар-жағармайдан таршылық көріп отырған жоқ.
Мөлдір Тастанбек, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




