Алқап басында қызу жұмыс
Биылғы егіннің шығымы жақсы. Ауа райы да диқандар қауымына қарайласып тұрғандай. Жерде ылғал да көп. Ауданда жалпы арпа 40 мың гектар алқапқа себілген. Егінге алғашқылардың бірі болып орақ салған Бетқайнар ауылындағы «Нұр-Ал» шаруа қожалығы. Қожалық жетекшісі Дүйсенхан Онгелдиевтің айтуынша, биылғы ауа райы егіннің жайқалып өсуіне зор септігін тигізген. Жиын-терінге техникаларын сақадай-сай етіп кіріскен қожалық егін науқанын ертерек аяқтап, бидайға комбайн түсірмек.
– Арпа алқаптарынан өнім жақсы жиналуда. Былтырғы жылға қарағанда өнім де он-он бес центнерге жоғары болғалы тұр. Ендігі кезекте 20 гектарға орналастырылған бидай алқаптарын да арпаны орып алған соң кіріскелі отырмыз. Мақсатымыз дәнді дақылдарды дер кезінде шашпай-төкпей жинап алу, – дейді ол.
Алқап басында қызу жұмыс. Қожалықтың комбайншылары мен механизаторлары білек сыбана еңбек етуде. Осы жұмыс басында аудан әкімі Мәден Мұсаев та болып, орақ барысын көріп, шаруалардың ісіне сәттілік тіледі.
Аудан әкімі сондай-ақ осы елді мекендегі «Алмаз» шаруа қожалығының 200 гектар алқапқа «Маями» тұқымы орналастырылған жүгері алқабын көрді. Су шығынын азайту, өнім сапасын арттыру мақсатында алқапқа тамшылатып суару жүйесі енгізілген. Қожалық жетекшісі Жұмабек Ешиғанов тамшылатып суару жүйесінің мол өнім жинауға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қордай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Садырбаев та тамшылатып суару жүйелерін ұтымды пайдаланып, жақсы өнім алуға ниетті шаруа қожалықтарының артқанын айтуда.
Жандос ОМАРОВ, журналист.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




