Жамбылда не жаңалық?
76 мың оқырманы бар телеграм канал ҰБТ сұрақтарын сатқан
- author «Ақ жол»
- 7 шілде, 2022
- 364
76 мың оқырманы бар телеграм канал ҰБТ сұрақтарын сатқан
Биылғы ҰБТ-да талапкерлердің орташа балының төмен болуына тестілеудің мейлінше ашық өтуі себеп болуы мүмкін. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
«Биыл ҰБТ тапсырғандардың 33 пайызы орташа бал жинай алмаған. Себебі неде? Дайындық төмен бе, әлде сұрақтары қиын ба?» деп сұрады БАҚ өкілі. Ұлттық тестілеу орталығы директорының айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. «Шекті балды жинағандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7% көбейіп отыр. Әрине, шекті балды өте алмаудың бірнеше себептері болуы мүмкін. Биыл сұрақтар жаңартылған білім мазмұнына қарай құрастырылды. Соған қарамастан, шекті межеден өткнедердіңүлесі 7 пайыз артып отыр», - деді ол.
Айтуынша, бүгінге дейін оқушылар арасында тест сұрақтарын желіге салу тендециясы белең алып келген. «Белгілі орталықтар немесе белгілі тұлғалар арнайы телеграм каналдар арқылы тест сұрақтарын желі қолданушыларының назарына ұсынып отырған. Тіпті 76 мың тіркелушісі бар каналдар осылай жұмыс істеген. Тестіден шыққан балалардың сұрақтарын жинап, жариялап отырған. Биыл біз сұрақтарды күнбе-күн қайталанбайтындай етіп істедік. Балдың біраз төмен болуына осы әсер етті.
Жалпы биыл жаттауға, фактологияға бейімделген сұрақтар, әсіресе, Қазақстан тарихынан әлдеқайда азайды. Биыл тест сұрақтарын әлеуметтік желіге салу фактілері болған жоқ. Себебі тест сұрақтарын коммерцияға айналдырған ірі-ірі телеграм каналдар жабылды. Құзыретті органдарға өтініш білдіріп, жолын кестік. Сонда жаттауға бейімделген сұрақтардың азайып, сұрақтарды әлеуметтік желіге салу мүмкіндігінің шектелуі орташа балдың төмен болуына әсер етуі мүмкін деп айта аламын», -деді Руслан Емелбаев. Аталған брифингіде Руслан Емелбаев Face-ID жүйесі інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған жігітті орта жолдан қайтарғанын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді