- Advertisement -

Жергілікті ақын-жазушылар — құрмет төрінде

141

- Advertisement -

Жуырда Жамбыл аудандық орталық кітапхана жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Өлкенің танымал тұлғалары» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды. Аудандық мәдениет үйінде өткен айтулы шараны қаламгер Төлеген Байсүгіров ашып, жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

Ғибраты мол басқосуда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Әлімқұлов, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Байтанағали Төлентаев, Болат Жаппарұлы, Сансызбай Бертайұлы, қаламгерлер Сембек Пірімқұлов, Қайрат Отарбаев сахна төріне шығарылды. Қаламгерлер тұғырлы тұлғаларды дүниеге әкелген қазақ жері мен ұлты киелі екенін, жергілікті ақын-жазушылар дегенде Әкім Тарази, Совет Әлімқұлов, Базар Қилыбаев, Арғынбай Бекбосын, Сұлтан Қалиев, Рафаэль Ниязбеков, Жібек Шәдіқожа, Сұлукөл Қошанованың есімдері еске оралатынын сөз етті.

Бұқара халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз болмағанын, данышпан қазақ халқы ақын-жазушыларға кенде емес екенін айтты. Өздерінің шығармашылығы мен еңбек жолы туралы кеңінен әңгімелеп, әлі де әдебиетке көптеген дүниелерді қосатынын жеткізді. Кештің қызықты өтуіне үн қосып, ән айтып, өлең оқыды.

Сахнада аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Нұрипа Манабаева мен Ақдана Құрымбаева ақын Бәкір Тәжібаевтың «Туған жер» әнін, аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұрилә Исаева Болат Жаппарұлының сөзіне жазылған «Бақытты бол», халық әндері «Бүлдірген» «Айқаракөзді» орындаса, кітапхана оқырмандары Айсәуле Рәпілбек балалар жазушысы, ақын Совет Әлімқұловтың «Бала ерлігі», Асқар Кеңесбай Сұлтан Қалиевтың «Елтаңбасы елімнің», Жанболат Бақытұлы Байтанағали Төлентаевтың «Аса», Айару Бақтыбек Сайлаухан Ашановтың «Туған жер», Алдияр Әзімбек Рафаэль Ниязбековтің «Аласарма», Аягөз Бағызбай Бақытжан Советұлының «Егер де мен…» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Өлкенің танымал тұлғаларына арналған шығармашылық кешті қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Қарлығаш Байкеева биыл 70 жасқа толған Байтанағали Төлентаев пен Болат Жаппарұлына және өзге де есімі аталған қаламгерлерге сый-құрметін көрсетіп, иығына шапан жауып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Ильяс ҚАЛЫБЕКОВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support