ДАТО кеңес береді: ауырсынуды басатын дәрілік заттарды қабылдауға асықпаңыз!
- author «Ақ жол»
- 24 қазан, 2014
- 705
Өмір салтын өзгерту мен демалыс бас ауруын кетіруге көмектеспеген жағдайда, көпшілік өз бетінше дәрі қабылдап жатады. Алайда, ауырсынуды басатын дәрілік препараттар аурудың себебіне әсер етпей, тек бастың кернеп ауыруының белгілерінен ғана арылтатындығын есте ұстаңыз! Әдетте бастың кернеп ауыруының сирек жағдайларын (айына 5 ұстамаға дейін) емдеуге қабынуға қарсы препараттар қолданылады. Жалпы препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес толық дозасын дәрігер тағайындауымен қолданған абзал.
Ауырсынуды басатын дәрілік заттарға сақ болыңыз! Бас ауруы кезінде ауруды басатын дәрілік заттарды ұдайы қабылдаудан аулақ болған жөн. Ауырсынуды басатын кез келген дәрілік затты, дәрігер тағайындаса немесе еркін саудада болса да, бас ауырған сәтте аптасына екі реттен артық қолдануға болмайды. Анальгин қабылдауға асықпаңыздар! Натрий метамизолын (Қазақстан Республикасында Анальгин, Баралгин, Спазмалгон препараттары тіркелген) 39 елде қолдануға тыйым салған немесе анафилактикалық реакциялар болған жағдайлар артып келе жатқандықтарынан, қан түзілуі қиындауына байланысты оны қолдану пациенттің ауыр жағдайымен шектелген (ДДҰ).
ҚИЫП АЛ ДА САҚТАП ҚОЙ Тегін дәрілерге өз құқықтарыңыз туралы, оларды дұрыс пайдалану, дәрілердің болуы мүмкін жанама әсерлері жайлы қосымша ақпаратты Сіз бірыңғай тегін телефон желісі – 8 800 080 88 87 арқылы, сондай-ақ, ДАТО ресми сайтынан – www.druginfo.kz біле аласыз.
Біздің қызметіміз Сіздерге арналады!
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы ҚР ДСӘДМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




