1 бас жүлде, 8 жүлделі орын жамбылдық ұстаздар еншісіне тиді
- author «Ақ жол»
- 24 қазан, 2014
- 827
Облыстың 75 жылдық мерейтойын өңір мұғалімдері де мол тартулармен қарсы алып отыр. Астана қаласында мектепке дейінгі педагогтар арасында өткен республикалық «Ең үздік флипчарт сабақтар» байқауында Тараз қаласындағы №28 балабақшаның тәрбиешісі Жанна Тымбаева еліміз бойынша он сегіз қатысушы арасынан топ жарып шығып, бас жүлдені жеңіп алғаны жөніндегі көзайым хабар құлағымызға жетті.
Шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істейтін жамбылдық мұғалімдер тобы, сондай-ақ, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 8 жүлделі орынды иеленіп, олжалы оралды. Үстіміздегі жылғы 15-17 қазан аралығында Алматы қаласында өткізілген бұл білім сайысына облысымыздан 14 мұғалімнің авторлық бағдарламасы ұсынылған болатын. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Шу ауданы Жібек жолы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Жұманкүл Қозыкөрпешова, Надежда Шапкина бірінші, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің информатика пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Орынбаева екінші, Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Айжан Манабаева, Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның математика пәнінің мұғалімі Жанат Таубаева, №48 орта мектептің психология пәнінің мұғалімдері Гүлжан Атақұлова, Жанат Қарамырзаева, №43 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Ләззат Асанқұлова, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлсімай Аймергенова, «Солнышко Тараза» балабақшасының педагогтары Сәуле Жаманкұлова, Наталья Воронова, Виктория Антоновалар үшінші жүлделі орындарды еншіледі. Жүлде құтты болсын, бала жанының бапкерлері!
«Ақ жол – Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




