- Advertisement -

Мойынқұм ауданында кездейсоқ жағдайда «Ақбақай» алтын кен орны ашылды.

276

- Advertisement -

1969 жылдың 4 шілдесінде Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кездейсоқ жағдайда «Ақбақай» алтын кен орны ашылды.

Ақбақай — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы, Хантау ауылдық округі құрамында, Желтаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан.

Ақбақайда кен байыту фабрикасы жұмыс істейді, дәрігерлік пункт, орта мектеп бар.

Кен орны негізгі 5 тік құлайтын (Басты, Түкен т.б.) және 9 көлбеу жатқан желілерден тұрады. Желілердің ұзындығы 250 м-ден 600 м-ге дейін, қалыңдығы бірнеше см-ден 1,5-2 м-ге жетеді. Олар жан-жағынан березит тау жынысымен қоршалған кварц-желілі өзек түзейді. Кентас 900-1300 м тереңдікке дейін таралған. Кен түзілу процесі габбропорфирит және ашафит дайкалары жыныстарды жарып шыққаннан кейін, алтын-сүрмелі минералданумен аяқталған. Кен Қызылжар интрузивті кешенінің ішінде және девон жанартау тастекті шөгінді жыныстарының бойында қалыптасқан.

Кен орнында алтынның 4 түрі кездеседі:

1) арсенопирит минералы бойындағы ұнтақдисперсті алтын;

2) кварцтағы сеппе, ұя, желі түрінде шоғырланған бос алтын (өлшемдері 0,01-0,1 мм-ден бірнеше мм дейін);

3) кварц-карбонатты желілердегі түйіршік және қабыршақ түріндегі алтын;

4) гипергендік процеспен байланысты қабыршықты және дендритті алтын.

Алтынның орташа мөлшері жер бетіне жақын аралықта аса жоғары — 60-109 г/т, ал 500-600 м тереңдікте 7-10 г/т-ға дейін төмендейді. Ақбақай алтын кені Қазақстандағы ірі кен орны қатарына жатады. Оның негізінде Ақбақай кен-байыту комбинаты салынған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support