Жамбыл облысында туристік кластерді дамыту үшін бүгінде Тараз қаласы орталығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мақсат – екі мың жылдан астам тарихы бар «Ұлы Жібек жолы» бойына орналасқан ежелгі Тараз шаһарының өткен тарихын ұлттық құндылыққа айналдыру, «Көне Тараз» археологиялық саябағын құру. Қазіргі уақытта бұл жобаға байланысты тиісті құжаттамалар дайындалу үстінде. Жоба іске асырылған жағдайда жүздеген жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірге келетін туристер санын 4 есеге арттыру көзделуде. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановпен кездесуінде әңгіме осы туризм саласының тірлігінен бастау алды. «Жалпы, бұл мақсатқа 2014-2017 жылдары облысқа 43 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Біз 2017 жылы елімізде өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі шеңберінде Таразды шетелдік туристер келіп көретін, оның терең тарихымен жақын танысатын қалаға айналдырсақ деген ойдамыз», деді Кәрім Нәсбекұлы. Жалпы алғанда, жыр алыбы Жамбыл есімімен аталған өңірді мемлекеттік саясаттың арқасында қарқынды дамып келе жатқан аймақ деп айтуға толық негіз бар. Облысқа 2020 жылға дейін 1,2 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет кірісі 24,0 миллиард теңгені құрап, жоспар 104 пайызға орындалды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы өңір тұрғындарын, әсіресе, жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге үлкен ықпал етіп отыр. Осы бағдарлама аясында облыста 2020 жылға дейін 2,8 миллион шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілетін болады. Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы 8,5 миллиард теңгеге 27 ауыз сумен қамту және кәріз желілері нысандарын салу мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін тағы да 16 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. «Әрине, сандаған ақпарат құралдарының ішінде шоқтығы биік «Егемен Қазақстан» газетінің орны бөлек. 95 жылдан бері ел осы газетпен бірге өсіп, бірге жасасып келеді. Осы басылымда жұмыс істеп, шығармашылық шеберлігі шыңдалған қаншама қызметкерлер аймақтарда облыстық газеттерді басқарып, қалам ұстаған кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып жүр. Жамбылдықтар биыл бас басылымға жазылушылар санын көбейтіп, облыстағы таралымды 20 мыңға жеткізуді межелеп отыр. Елмен бірге қуанып, елмен бірге жасайтын «Егемен Қазақстанның» Әулиеата жерінде оқырманы көп болатынына сенім мол», деп ағынан жарылды облыс басшысы.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді