Гамлет Қайнарбеков, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел ішінде бұқаралық спортты дамытуға айрықша назар аударып отырғаны мәлім. Басқарма да сол бағыттағы жұмыстарын жандандыру үстінде. Өткен жылы облыс тұрғындарының 234 мыңнан астамы немесе 21,7 пайызы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданса, 2014 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 22,8 пайызға жетті (247,5 мың адам). Тұрғындардың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, басқарма тарапынан тұрақты талдау жұмыстарының тәжірибесі орнықты. Басқарма тарапынан тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында бірқатар бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы жылдың 9 айында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында 981 спорттық іс-шара атқарылып, оған 221 823 мың адам қамтылды. Ал ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілген 302 іс-шараға 39,7 мыңнан астам адам қатысты. Бұдан бөлек кешенді 281 спорттық іс-шараға 107,4 мыңнан астам адам тартылды. Облыста 1988 спорт нысандары бар. Оның 19-ы стадион, 665 футбол алаңы, 544 спорт залы, 646 спорт алаңшалары, 114 басқа да нысандар. Облысымызда жеке меншік 166 спорт нысандары анықталған. Бүгінгі таңда 45 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Оның 33-і спорт мектебі, 8 спорт клубтары, 1 олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, 1 облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты, 1 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 спорт сарайы. Биылғы жылы облыс тұрғындары арасында Ауыл жастары мен жасөспірімдерінің облыстық спартакиадасы, кәсіби мерекелерге арналған (мемлекеттік қызметші, медицина қызметкерлері, прокуратура, қаржы полициясы, кеден, салық органдары қызметкерлері арасындағы және т.б) салааралық спартакиадалар ұйымдастырылып өткізілсе, ҚР Президентінің жүлдесі үшін V Халық ойындарына облыстық іріктеу жарыстары, мүгедек спортшылар арасында және өндіріс орындарындағы жұмысшы жастар арасында спартакиада өткізу жоспарлануда. Облысымызда 2014 жылы спорт саласына 7,0 миллион теңге қарастырылған, оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан 87,6 миллион теңге бөлінді. Өткен жылы бірқатар спорт нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың қатарында халықаралық талаптарға сай салынған «Тараз-Арена» спорт сарайы бар. Сонымен қатар, Тараз қаласында 3 және Жаңатас қаласында 1 спорт кешені ашылды. Ағымдағы жылы Мойынқұм және Жуалы аудандарында спорт залдар кешені, сонымен қатар Тараз қаласында шағын футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған жасанды төсенішті арнайы қоршалған спорт алаңдарының құрылысы мен №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне арналған спорт залдар кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Қаратау қаласында «Еврохим» ЖШС өз қаражатына инвестициялық жоба аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастады. «Дельфин» жүзу бассейнінің куполы жаңартылып төбесі жабылды. Өңірімізде әлемдік деңгейдегі додалар да тұрақты өткізілуде. Мерейтой қарсаңында бильярдтың динамикалық пирамида деп аталатын түрі бойынша әлем чемпионаты өткізілді. Оған әлемнің он тоғыз елінен елуден астам спортшы қатысты. Азия ойындарында, әлем біріншіліктерінде дзюдошы, каратэші, шахматшыларымыз ел мерейін асырды. Бұл жеңістің бәрі келіскен түрде жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бір сөзбен айтқанда келіскен жерде жеңіс тең. Жетпіс бес жылдық мерейтойдың аясында біз осындай жетістіктерге жеттік. Жұмыстар жалғасын таба бермек.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді