- Advertisement -

ҚАЖ қызметкерлері арасында психологиялық тренинг өтті

213

- Advertisement -

Санскрит тілінен аударғанда «мандала» орталық, шеңбер деген мағынаны білдіреді және ұзақ уақыт бойы адамның ішкі әлемінің символдық көрінісінің рухани мағынасына ие болған. Кезінде «мандала» сөзі шығыс мәдениеті мен эзотерикалық білімді сүйетіндер мен білушілерге ғана белгілі болған.

20 ғасырдың басында әйгілі швейцариялық психолог — Карл Густав Юнг мандалаларды өзінің жеке басын зерттеу құралы ретінде қолдана бастады. Ол күн сайын күнделік жүргізіп отырды, онда ол эмоционалды күйін символикалық түрде сызды. Көбінесе бұл суреттер шеңбер түрінде болды.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде өткен психологиялық тренинг барысында психолог, әділет капитаны Анна Дмитриенко жеке құрам қызметкерлеріне түрлі ойындар ұйымдастырды.

Тренинг барысында мандаламен жұмыс жасаудың әртүрлі нұсқалары: атап айтқанда, сурет салу, кесте тігу, кесу, тоқу, дәнді дақылдардан, табиғи материалдардан көлемді мандалалар жасау тәсілдері ұсынылды. Сондай-ақ, мұнда түрлі түстерді, пішіндерді, бейнелерді қолдана отырып, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берілді.

Психолог маманның айтуынша, шығармашылықты зерттеу арқылы біз эмоционалды жағдайды үйлестіреміз және басылған сезімдер мен эмоцияларды еңсереміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support