«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

АҚШ-тың құпия ғарыш кемесі Жерге оралды

АҚШ-тың құпия ғарыш кемесі Жерге оралды
ашық дереккөз
АҚШ-тың құпия ғарыш кемесі Жерге оралды
ҚШ ӘӘК Х-37В ұшқышсыз ғарыш кораблі Ванденберг әскери әуе базасына ойдағыдай қонды. Ғарыш кораблі орбитада 674 күн немесе 22 ай болып қайтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, миссия АҚШ қорғаныс министр-лігі мүддесіне орай жүзеге асырылды. Аппарат 2012 жылғы желтоқсанда Канаверал мүйісінен (Флорида штаты) Atlas 5 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. Х-37В кезекті editors working upon different kinds of papers миссиясы нені қамтитыны туралы мүлдем ештеңе айтылмады. Сарапшылар ғарыш кораблінің бортында барлау тетігі болуы мүмкін деп болжауда. Мэриленд штатының тұрғындары Обаманың сөзін тыңдамай тұрып кеткен АҚШ-та Мэриленд штатының тұрғындары Демократиялық партия атынан губернаторлыққа сайланып жатқан Энтони Браунды қолдауға келген ел президенті Барак Обаманың сөзін тыңдаудан бас тартты. «Сіздер дауыс берулеріңіз керек», - деп қайталай берген Обама сөз сөйлеу барысында. «Ешқандай сылтау болмауы тиіс. Болашақ бізге байланысты», – деді мемлекет басшысы. Алайда, қайталама сөзден жалыққан штат тұрғындары орындарынан тұрып, залды босата бастаған. Ақыры соңында залда қалғандардың бірі Обамаға сұрақ қойып, сөзін бөле бергендіктен, президенттің сөз сөйлеуі соңына жетпей үзілді. Демократиялық партия атынан сайланғандардың көбі сайлауалды науқан барысында ұйымдастырылған жиынға Обаманың қатысуынан сезіктеніп отыр, себебі, соңғы уақыттары президенттің ел алдындағы беделі біршама төмендеп кеткен. Мэриленде Браун Обаманың қолдауына мүлде мұқтаж емес еді, ол онсыз да басты қарсыласы – республикалық патриядан ұсынылған кандидат Ларри Хоганнан – үлкен басымдықпен алда келеді. Соған қарамастан президент Чикагода штат губернаторы Пэт Куиннге де қолдау білдіру үшін өңірге арнайы баратынын мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар