1922-2022: Шежірелі жылдар
«Ақ жол» (2000 жыл) 1 қаңтар. №1 (15.301). Газет өз оқырмандарына сөз арнап, ол «Әр кез бірге болайық» деген тақырыппен шықты. 19 сәуір. №32 (15.332). Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аймақтық даму және өзін-өзі басқару жөніндегі комитетінің Жамбыл облысындағы күндері өткен еді. Осы комитеттің хатшысы Жандар Кәрібайұлы «Заң нәрсіз бе, әлде орындаушы әлсіз бе?» деген газеттің тұтас бетін алған мақаласында сол күндерді өткізу барысында туындаған ойларын бөліскен. 28 маусым. №52 (15.3521). Баспасөз күніне орай газетте облыс әкімі С.Ә.Үмбетовтің журналистерге арналған құттықтауы жарияланды. «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Мақұлбек Рысдәулет, «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Тұрсынхан Толқынбайұлы, «Знамя труда» газетінің фототілшісі Валерий Сутулов, «Жамбыл-Тараз» газетінің редакторы Көкен Оршабеков, «Сенім» баспа орталығының директоры Лаврентий Ким облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 29 шілде. №61 (15.361). «Мүшелтой» айдарымен 60 жасқа толуына орай Жандар Кәрібайұлымен жүргізілген сұхбат «Ақын жанды сенатор» деген тақырыппен шықты. 27 қыркүйек. №78 (15.378). Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы екі күнге созылды. Бас жүлде тең ұпай жинаған екі ақын Алтынкүл Қасымбекова мен Ақмарал Леубаеваларға берілді. Екінші орынды Аманжол Әлтаев пен Әбілқайыр Сыздықов, үшінші орынды Әсия Беркенова, Баянғали Әлімжанов, Қуаныш Мақсұтов өзара бөлісті. 11 қазан. №82 (15.382). Облыс жұртшылығы XX ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі – Бауыржан Момышұлының 90 жылдығын атап өтті. Облыстық драма театрының алдына орнатылған ескерткішін ашу салтанатында халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов сөз сөйледі. Облыстық атшабарға Бауыржан Момышұлы есімі беріліп, онда мерейтойына арналған ат спорты жарыстары ұйымдастырылды. Осы санындағы «Тілеуі бір туған елі Олимпиада жеңімпаздарын қарсы алды» репортажында даңқты спортшылар Ермахан Ыбырайымов иен Ислам Байрамуковты аудан әкімі Қасымхан Төлендиевтің өзі бас болып Тұрар Рысқұлов ауданының жұртшылығы қалай қарсы алғаны жазылған. 22 қараша. №94 (15.394). Тараз қаласындағы орталық алаңда облыстық алғашкы ауылшаруашылық көрме жәрмеңкесі өтті. Газет одан көлемді репортаж жариялады. (2001 жыл) 1 каңтар. №1 (15.406). Жаңа жылдық санында жаңалықтарға көп орын берілді. Жерлестеріміз, Сидней Олимпиадасының алтын медаль иегері Ермахан Ыбырайымов пен дарынды ақын Маралтай Ыбыраев мемлекеттік «Дарын» сыйлығын алды. 10 наурыз. №20 (15.425). Профессор, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметовтың «Тұранның ұлы қағаны» айқарма беттік мақаласы шықты. 20 маусым. №49 (15.454). Б.Момышұлы атындағы облыстық атшабарда Бейбарыс сұлтанды еске алуға арналған ат спорты ойындары мерекесі өтті. 3 қараша. №88 (15.493). Газет ел күткен жақсы хабарды бірінші бетіне жариялады. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Ө.Байгелді, Қ.Тұрысов, Ғ.Қалиев, Ш.Мұртаза, Ж.Кәрібайұлы, Ж.Әбдиев, С.Қонақбаев және басқалардың бастамасымен Б.Момышұлы ауылынан Қошқаратаға жол салынатын болды. 17 қараша. №92 (15.497). Жамбыл облысының Елордадағы күндері өтуіне орай газет «Армысың, Астана!» деген тақырыппен жарияланымдар берді. 19 желтоқсан. №101 (15.506). Аманкелді газ кен орнында алғашқы ұңғымадан көгілдір жалын алаулады. Осы оқиғаға арналған репортаж «Аңыз ақиқатқа айналды – газ!» деген тақырыппен берілді. (2002 жыл) 1 қаңтар. №1 (15.510). Газет аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шыға бастады. Жаңа жылдық санындағы әсерлі оқылатын жарияланымдардың бірі Жуалы аудандық мәслихатының хатшысы Мырзахан Ахметовтың «Мәскеуде өткен Баукең тойы» мақаласы. 15 қаңтар. №7 (15.516). Таразда Д.А.Қонаевқа ескерткіш ашылды. Бұл хабар газеттің бірінші бетінде берілді. 1 мамыр. №52 (15.561). «Ақ жол» газетінің бірінші саны шыққанына 80 жыл толды. Облыс әкімінің құттықтауы, мерейтойлық басқа да жарияланымдар берілді. 9 мамыр. №55-56 (15.565). Жеңіс мерекесіне арналып, екі саны қосылып 12 бет болып шыққан газеттегі жарияланымдар сол қаһарлы жылдардағы майдан мен тылдағылардың ерлігі туралы. Солардың ішінде «Шаһид сарбаздың жалғыз ұлы» мақаласында профессор Спартак Смайыловтың 57 жыл өткен соң әкесінің қабірін тауып, Псков облысына ұлы Асқар мен келіні Ұлжанды ертіп, барып қайтқаны жазылған. 1 маусым. №66 (15.575). Облыс жұртшылығы «Ақ жол» газетінің 80 жылдығын кеңінен атап өтті. Облыс әкімі газет редакциясына жаңа «Волга» жеңіл автокөлігінің кілтін тапсырды. Редакцияның бір топ қызметкерлері облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталды. 25 қыркүйек. №115-116 (15.621). Тараздың 2000 жылдығына арналған газеттің мерекелік саны үлкен форматпен, 8 бет болып, түрлі түсті бояумен, алуан тақырыпты қозғаған жарияланымдармен шықты. Облыс әкімі С.Ә.Үмбетовтің «Тарихи ұлы той» мақаласы жарияланды. Келесі сандарында қала мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференциядан, ақындар мүшәйрасынан, атшабардағы ат спорты ойындарынан жазылған репортаждар берілді. Халықаралық ақындар айтысы өтті. 19 желтоқсан. №151-152 (15.661). Тәуелсіздік мерекесіне арналған жарияланымдармен бірге «Газет ішіндегі газет» айдарымен Елен Әлімжанның «Ұлт рухының жаршысы» мақаласы шықты. Ол халық жазушысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Шерхан Мұртазаның шығармашылық жолы мен қайраткерлігі туралы.
Дайындаған Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді