- Advertisement -

Бірде-бір ұсыныс назардан тыс қалмауы керек

16

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Оған бірқатар инвесторлар қатысып, өздерінің ұсыныстары мен мәселелерін жеткізді. Ұсыныстар қатарында магний нитраты және магний сульфатын өндіретін зауыт салу, CaF2 — флюорит концентратын өндіру бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысын жүргізу, сүт фермасы, ауыл шаруашылығын цифрлық несиелеуге қатысты және тағы басқа жобалар болды.

Аймақ басшысы барлық ұсынылған жобалардың болашағы мен нәтижелілігіне назар аударып, қажетті қолдау көрсету бойынша тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.
Айта кетейік, бұған дейін инвестициялық штабтың бес отырысы өткен болатын. Осы басқосуда облыс әкімі берген хаттамалық тапсырмалардың орындалу жайы да қаралды. Ол туралы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндады.
Өткен кеңестерде барлығы 30 жоба қаралса, оның 14-і жаңа, қалғаны іске асып жатқан жобалар. Ол жобалар бойынша жалпы 69 хаттамалық тапсырма берілсе, қазіргі таңда 28 тапсырма орындалған, 41-і орындалу барысында. Ұсынылған жобалар толығымен жүзеге асқан жағдайда 2500 жұмыс орны ашылып, жалпы 48,4 миллиард теңге салықтық түсімдер түседі деп күтілуде.
Облыс әкімі тапсырмалардың орындалу барысына байланысты бірқатар басқармалар мен аудан әкімдерінің жеке-жеке жауаптарын тыңдады.
– Басқармалар мен аудан әкімдері тығыз байланыста жұмыс жасау қажет. Өзара үйлесімді әрекет, ортақ түсінік пен көзқарас болған жағдайда ғана нәтижеге қол жеткіземіз.
Штаб жұмысы тұрақты түрде әрі нәтижелі жалғасуы маңызды. Бірде-бір инвестор мен олардың жобалары назардан тыс қалмауы керек. Барлық ұсыныстар ескеріліп, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс, – деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support