- Advertisement -

Жеке құрам қатары жас мамандармен толықты

262

- Advertisement -

23-маусым ҚР Ішкі министрлігіне қарасты қызмет атқаратын жандардың төл мерекесі. Айтулы күнге орай өңірлік ҚАЖ департаментінің жеке құрам қызметкерлері мен жас сарбаздар Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлының мемориалды музейіне арнайы барды.

Батырдың туған жерінде тұңғыш рет өткен салтанатты шара барысында алдымен департмент бастығы әдәлет полковнигі Нияз Рыспаев сөз алды. Нияз Қанатұлы өз сөзінде жиналғандарды ҚР Полициясына 30 жыл толуымен құттықтап, ант қабылдаған жас қызметкерлердің жауапкершілігі мол саладағы қызметіне сәттілік тіледі.

— Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
30 жыл бойы Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тиісті тәртіптілігін қамтамасыз ету мен қолдаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады, — деді Н.Рыспаев.

Бұдан кейін, жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдады. Айта кетейік, бұл күні өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрамы тағы 5 жас маманмен толықты. Атап айтқанда, әділет кіші сержанттары Нұрлан Азатов, Мұратхан Барахан және әділет қатардағы Сәбит Сейді, Ақмарал Бердалиева мен Айжан Болат ресми түрде ішкі істер органдарының қызметкері атанды.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің қызметкері

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support