Бес айдағы камералдық бақылау нәтижелері қандай?

Бес айдағы  камералдық бақылау нәтижелері қандай?
ашық дереккөз
Бес айдағы камералдық бақылау нәтижелері қандай?
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жасайды. Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады. Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңбұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады. Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады. 2022 жылдың 5 айына 27 580,6 миллион теңгені құрайтын 12 978 мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді. Жүргізілген камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін Департамент тарапынан ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге барлығы 2379 хабарлама жіберілді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан 1000-нан астам арыз-шағым түсіп, 800-ге жуық арыз толық және ішінара қанағаттандырылған. Қанағаттандырылған және/немесе ішінара қанағаттандырылған арыз-шағымдардың негізінде, заң талаптарын бұзып мемлекеттік сатып алудың заңсыз жеңімпазын айқындау фактілері анықталып 970 хабарлама жіберілді. Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың қорытынды туралы хаттамасы қайта шығарылды, яғни мемлекеттік сатып алудың заң аясындағы жеңімпазы анықталды. Хабарламаны орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған мекемелердің шығыс операциялары тоқтатылып, бірінші басшыға айыппұл салынды. Заңбұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақтылы әрі тиімді игерілмеуімен қатар, бюджет қаражатының үнемделуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақтылы орындалуына кері әсерін тигізеді.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Ұқсас жаңалықтар