«Ерке сылқым» – Елорда төрінде

«Ерке сылқым» – Елорда төрінде
ашық дереккөз
«Ерке сылқым» – Елорда төрінде
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында жерлесіміз, күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», 2-дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің Құрметті профессоры, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Әбдімомын Желдібаевтың 85 жас мерейтойына арналған «Күмбірле, күйім, елімде» атты концерт өтті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен еліміздің мәдениет саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар қатысты. Ал Әулиеата өңірінен облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков және Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев арнайы барып, облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің құттықтауын жеткізіп, қазақы дәстүрмен абыз қарияның иығына шапан жауып, сый-сияпатын табыс етіп, құрмет көрсетті. Концертте Ә.Желдібаевтың бірқатар туындылары орындалса, өнердегі төлқұжатына айналған атақты «Ерке сылқым» күйі шырқалғанда көрермендер құрмет көрсетіп, орындарынан тік тұрып тыңдады. Бұл да жерлесіміздің күй өнеріндегі құдіретін білдірсе керек.

Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар