400 АЕК мөлшеріндегі грант ұтып алды
Тараз қалалық №3 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін мемлекеттік грант ұтып алды. Ол қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы арқылы 3 айлық курсты тәмамдап, нәтижесінде 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа қол жеткізді. – Пробация қызметкерлерінің көмегімен аталған жоба бойынша 3 ай оқып, қолыма сертификатымды алдым. Білікті мамандардан тәлім алып, қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Алдыма қойған арманым, жоспарым бар. Енді, міне, мемлекеттен берілген көмектің арқасында өз кәсібімді ашып, мал шаруашылығын дөңгелетсем деген ойдамын, – дейді есептегі азамат.
Жалпы, қазіргі таңда дәл осы пробация бөлімінде мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант алуға тағы 15 сотталған азамат ниет білдірді. Олардың бірі шағын ағаш өңдеу цехын ашуды көздесе, екіншісі құрылыс саласында сметалық жоба әзірлеуді қолға алмақ. Тағы бірі – шаштараз сынды жеке кәсіптерін ашып, ел игілігіне жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
Қуаныш Калык, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




