«Луговой жылқы зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дихандары күздік бидай тұқымын себуді ұйымшылдықпен жүргізді. Барлығы 4300 гектар егістікке дән себілді. Науқандық іске әлеуетті ауылшаруашылық техникасы да көптеп жұмылдырылды. Механизаторлар қысқа мерзім ішінде тұқым себуді толықтай аяқтады. Еңбек өнімділігінің артуына жаңадан сатып алынған 3 «Джон Дир» тракторының мол септігі тиді. Оның үстіне агрегат тартып жүрген тракторшыларымыз Сәбит Абиев пен Омарбек Түйебаевтар да уақытпен санаспай еңбек етті. Қазір «Әбілхайыр» даласында бір сәтке тыныштық орнады. Пар көтеру, тұқым себу жұмыстары аяқталуға таяу.
Степан Шалунов, агроном көмекшісі. Көгершін ауылы.
Суретте: С.Әбиев, О.Түйебаев және Қ.Досжанов егіс алқабында.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




