Біздің №1 мектеп-лицейдегі «Шапағат» ғылыми-әдістемелік орталығы көп уақыттан
бері жемісті жұмыс істеп келеді. Оның жұмысына білікті педагог Гауһар Атабекқызы Елғонова жетекшілік етеді. Орталықтың 10 әдістемелік бірлестігі бар. Олардың жұмысы көпбағытты. Мәселен, мұғалімдердің шеберлігін арттыра отырып, оларға ақпараттық қолдау көрсету, желілі қатынастардың режімінде үздіксіз озат тәжірибемен алмасып отыруға бағыт-бағдар беру бірлестіктердің негізгі міндетіне кіреді. Біздің мектеп осы оқу жылынан бастап жетінші сыныптарға Назарбаев зияткерлік мектебінің озық тәжірибесін енгізуге бағыт беретін тірек мектебі болып құрылды. Келер жылдан бастап он екі жылдық білім беруге көшудің негізгі жобалары бойынша оқытуды бастаймыз. Ол үшін мұғалімдерді қазірден бастап біліктілік жетілдіру курстарына көптеп жіберуді қолға алдық. Нақтырақ айтқанда, Кембридж бағдарламасы бойынша 11 педагог деңгейлеп оқыту курсынан өтіп, қазір заманауи жаңа технологиялармен қызықты сабақтар өткізуде. Олардың арасында Бақтияр Тілепалдиев, Ғалия Ишматова, Жанғали Асипов, Нұржамал Бейсеновалар бар.
Қайрат Тасыбаев, №1 мектеп-лицейінің директоры. Құлан ауылы.
Ұқсас жаңалықтар
Тілге құрмет тәрбие ошағынан басталады
- 13 қаңтар, 2025
Оқу озаттары олжадан кенде емес
- 13 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді