Ұтымды ұсыныстар қолдау тапты

Ұтымды ұсыныстар қолдау тапты
ашық дереккөз
Ұтымды ұсыныстар қолдау тапты
 width= ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші және пробация қызметтерінде есепте тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың қылмыс жасауының алдын алу айтуға ғана оңай. Бұл тұрғыда құқық қорғау қызметкерлері ғана емес, барлық қоғам мүшелері бірлесе жұмыс атқаруы тиіс-ақ. Облыс орталығындағы «Достық үйінде» өткен «Құқық қорғау органдарының және Қазақстан халқы Ассамблеясының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы» атты дөңгелек үстелдің мақсаты осыған саяды. Басқосуға өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев, облыстық прокуратураның 5-ші басқарма бастығы Өсер Арынтаев, облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев және «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедова сондай-ақ көптеген ұлт өкілдерінің мәдениет орталығының мамандары қатысты. Жиын барысында сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтардың жаза мерзімін өтеу кезінде және одан кейін қайта әлеуметтендіру, қоғамға бейімдеу мәселелері талқыға түсті. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілерді ақылы жұмысқа орналастыру, олардың бос уақытын тиімді пайдалану әрі оларға еріктілер арқылы көмек көрсету жағы назарға алынды. Басқосу соңында өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында айтылған ұтымды ұсыныстар қолдау тапты. Қуаныш КАЛЫК, Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры

Ұқсас жаңалықтар