Жаңа басшылар тағайындалды

Жаңа басшылар тағайындалды
ашық дереккөз
Жаңа басшылар тағайындалды
«Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Құрамына облыстық «Aq jol», «Знамя труда», «Ar-Ai» газеттері мен «Jambyl Info» ақпарат агенттігі кіретін серіктестіктің Бас директоры болып елімізге белгілі журналист Оралхан Дәуіт тағайындалды. Оралхан Әбдірашұлы кейінгі екі жылда облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы қызметін атқарып келген болатын. Ал өңірдегі ата басылымның бас редакторлығына ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Хамит Есаман бекітілді. Жаңадан тағайындалған азаматтарды облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев ұжымға таныстырып, еңбектеріне табыс тіледі.

«Aq jol»-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар