«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Электронды сауда – бұл уақыт үнемдеу

Электронды сауда –  бұл уақыт үнемдеу
ашық дереккөз
Электронды сауда – бұл уақыт үнемдеу
Мемлекет басшысының 2020 жылғы қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр» деп атап көрсете келе, бұл бағытта қолға алынуы тиіс нақты міндеттер жүктегені белгілі. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты – электрондық сауда. Жалпы Қазақстандағы электронды сауда ішкі және сыртқы сауданың, қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуына және көлемінің ұлғаюына, оған қоса бизнес шығындарын, көлеңкелі айналымды азайтуға ықпал етеді. Электрондық сауданың ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады: уақыт үнемдеу, қауіпсіздік, салықтан жеңілдіктер, кэшбэк және бір теңгеге дейінгі дәл есеп. Ал облыстағы жағдайға келер болсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында қолма-қол ақшасыз операциялар 300,5 миллион теңге сомасына 337,4 мың транзакцияны, 2021 жылы сол кезеңде қолма-қол ақшасыз операциялар 181,6 миллион теңге сомасына 15,2 мың транзакцияны құраған. Жолдауда Президенттің «...Ақпараттық технологиялар саласы мен ұлттық бизнес ынтымақтастығының болашағы зор. Мемлекеттік және жекеменшік ірі компаниялар шетелде жасалған әзірлемелер мен қосымшаларды сатып алуға ондаған миллиард теңге жұмсайды. Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлық экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлық технология платформаларын құруға мүмкіндік береді» деп нақты міндет жүктеуі біздің басқарманың жұмысына да серпін берді. Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қосымша өз қызметтерін онлайн түрде көрсетуге көшкен – 76 кафе, 39 асхана (Fast Food, пиццерия және тағы басқа), 98 азық-түлік дүкендері және супермаркеттер, 144 азық-түлік емес дүкендер бар. 2020 жылы интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 2 976,1 миллион теңгені құрады. Негізгі үлесін ұялы байланысқа немесе өзге де сымсыз байланысқа арналған телефондар – 55,0, тұрмыстық электр құралдар тауарлары – 19,1, компьютерлер, компьютерлік жабдықтар және бағдарламалық қамтамасыз ету 8,5 пайызды құрайды. Интернет арқылы көтерме сауда көлемі 2 632,8 миллион теңгені және интернет арқылы қызметтерді өткізу көлемі 103,6 миллион теңге болды. 2022 жылғы 1 мамырдағы облыс бойынша 42 076 кәсіпкерлік нысандары онлайн кассалық аппараттармен жабдықталған (WEB-касса аппарат). Атап айтқанда, Жамбыл – 2951, Жуалы – 2529, Қордай – 4378, Т.Рысқұлов – 2066, Меркі – 3199, Мойынқұм – 1192, Сарысу – 2018, Байзақ – 3318, Талас – 1636, Шу ауданы – 4533, Тараз қаласы – 14236.

Гүлнұр ЖОРАБЕКОВА, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық

дамыту басқармасы басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар