«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тақтайдай тегіс жолға не жетсін?!

Тақтайдай тегіс жолға не жетсін?!
ашық дереккөз
Тақтайдай тегіс жолға не жетсін?!
Талас ауданы аумағында 587, 59 километр автомобиль жолдың 394,1 километрі облыстық, 193,49 километрі аудандық маңызы бар. Күн жылына аудандағы сан-салалы тірлікпен қатар, қалада да, ауылдарда да жол жөндеу жұмыстары қарқын алады. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібековтің өзі жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуын қадағалауға да уақыт табады. Аудан әкімінің бюджеттен қыруар қаржы жұмсалып, атқарылып жатқан жұмыстың басы-қасында болуы жұмыстың сапалы әрі уақтылы атқарылуымен қатар, қазына қаржысының тиынына дейін мақсатты жұмсалуына септігін тигізеді. Оның үстіне жұмыс болған жерде туындап қалған мәселені қолма-қол шешуге де пайдасы бар. – Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Бостандық, Аққұм, Шәкіров және Талапты ауылдарында барлығы 23,6 шақырымды құрайтын 25 көшеге бюджеттен 470 миллион теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар Қаратау қаласына оңтүстіктен кіреберіс 4,1 километр аудандық маңызы бар жолға бюджеттен 149 185,0 мың теңге қаржы қарастырылып, келісімшарттары жасалуда. 50/50 басымдық бойынша 15,8 километрді құрайтын аудан орталығындағы Ы. Алтынсарин, Жангелдин, Байходжаев, Молдағұлова, Қарашаұлы, Арыстанбаб баба және Майтөбе, Ойық, Тамды, Қызыләуіт ауылдық округтеріндегі әр елді мекеннен бір көшеден жөндеу мақсатында әртүрлі деңгейдегі бюджеттен 468 миллион теңге бөлініп, жұмыс басталып, жүргізілуде, – дейді аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық-шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркін Оразұлы. Бұдан бөлек, Қаратау қаласындағы 46,3 километрді құрайтын 53 көшені орта жөндеуден өткізу үшін 966 137,0 мың теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіпті. Тамды Әулие, Шахтер, Панфилов, Б.Момышұлы, Арбатас, барлығы бес көшеге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға бюджеттен 6,3 миллион теңге бөлінген және жеті көпірге, Есейхан ауылындағы алты көпірге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізіліп жатса керек. Жоба құны – 398,7 миллион теңге. 50/50 басымдық бойынша Есейхан, Көктал, Берікқара, Үшарал, Кеңес, Қызыләуіт, Қарой, Қожағаппар ауылдарындағы тоғыз көшеге жалпы құны 274 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ойық, Тұрымқұл, Сейілбек, Шәкіров, Бостандық, Талапты, Ақкөл ауылдарындағы 24 көшеге жалпы құны 460 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалған. Қаратау қаласына шығыстан және батыстан аудандық маңызы бар кіреберіс жолдарына жалпы құны 218 миллион теңгенің және Арал, Есейхан, Майтөбе, Тұрымқұл және Қызыләуіт ауылдарына кіреберіс жолдарына жалпы құны 732 миллион теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген. Жолшылар жаз мезгіліндегі күннің жаймашуақ, ашықтығын тиімді пайдаланып, еңбек етуде. Көше бойларындағы жөндеуден өтіп жатқан жол да, төселіп жатқан асфальт жабындысы да талапқа сай атқарылуда. Жол құрылысы, күрделі немесе ағымды жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде, күн жылыда жүргізілетіндіктен, ертелі-кеш тынымсыз еңбек етіп жатқан мердігер мекеме жұмысшылары да, басшы азаматтары да өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінеді. Оның үстіне тапсырыс беруші тараптан да бақылау күшті. Ауылдың ажарын арттырып, қаланың көркін кіргізетін сәулетті ғимараттары мен көгеріші ғана емес, тақтайдай тегіс, айнадай жалтырап жататын көшелері де...

Амангелді ӘБІЛ.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар