Балғындар қуанышқа кенелген күн
Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы жылдар бойы қалыптасқан дәстүрге сай «Балаларды қорғау күніне» орай қайырымдылық шарасын өткізді. Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта өткен «Бақытты балалық шақ» шарасына «Нұрбала» және «Мүгедектердің мүмкіндігі мен құқығы» қоғамдық бірлестіктерінің мүмкіндігі шектеулі балалары мен көпбалалы отбасылардың балалары бас қосты. Жалпы саны 60 баланы қамтыған жиынды облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Меруерт Лештаева ашып, балаларға деген игі тілегін жеткізді. Келесі кезекте қауымдастық мүшелері әрбір балаға арнап алған сый-сияпаттарын ұсынды. Әннен шашу шашылып, көркем бимен көмкерілген салтанатты шарада балалар шат-шадыман көңіл-күйге бөленіп, олардың аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Мұнан өзге аталған қауымдастық «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де түрлі сыйлықтар таратты. Ал «Аяла» балаларды оңалту орталығына қос бірдей тыныс алу аппаратын сыйға тартты.
Қауымдастықтың атқарушы директоры Елена Балло бұл шараларға өңірдің іскер қыз-келіншектері жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсағандарын айтады.
Әделя Тұрсұмбекқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- Бүгін, 17:27
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді