Әлі игерілмеген ресурстар көп
Қазіргі заманда ең көп қолданылатын энергияның түрі, ол – электр энергиясы. Бұл энергия түрі соңғы жүз жылдықта ғана елімізде кеңінен танымал болып, кәсіпорындарда, қалаларда және ауылдарда үлкен сұранысқа ие бола бастады. Бүгінгі күнді электр энергиясынсыз елестету өте қиын. Үйіңізде электр шамдары, теледидар, тоңазытқыш, компьютер, ал қолыңызда ұялы телефон болмаса, онда өткен ғасырға қайтып оралғандай күйге түсеміз. Елімізге зор кіріс әкеліп отырған өндіріс ошақтары, кәсіпорындар мен мекемелер де тиімді жұмыс атқара алмас еді. Электр энергиясы – адамзат қолдануға бейімдеп алған ыңғайлы энергия көзі. Бұл физикалық құбылыс табиғатта тек найзағай түрінде ғана кездеседі. Еліміздегі өндірілетін элект р энергиясының сексен пайызға жуығы жылу электр бекеттерінен, көмір, мазут және газ жағу арқылы өндіріліп келеді. Көп қолданылып жүрген электр энергиясын өндірудің осы дәстүрлі әдістері қоршаған ортаға қойылатын қазіргі заман талаптарына сай емес. 2015 жылы дүниежүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі қолдап, Париж келісімі бойынша жоғарыда аталған табиғи отындарды жағуға шектеу қойған. Оның мақсаты, бәрімізге белгілі, жер бетін шектен тыс жылынудан сақтау. Мемлекетіміз осы күрделі мәселені шешу жолдарын іздестіру мақсатында конкурстарға қатысып, бүкіл дүниежүзілік EXPO-2017 көрмесін өткізді, жер шарының әр түпкірінен келген ғалымдар пікір алысты, жеткен жетістіктерін көрсетті. Табиғи ортаны ластамайтын, баламалы энергия көздерін игеру – заман талабы екені дәлелденді. Осы тақырыпта көрмеде көп әдістер көрсетілді, болашақ энергетикасын дамытудың басты бағыттары анықталды. Қазақстан жерінде күн және жел энергиясының мол ресурстары бар өңірлері және оларды игеру жолдары талқыланды.
Тағы бір күрделі мәс еле, мемлекетімізде тұтынушылар санының көбеюіне байланысты, электр энергиясына сұраныс соңғы жылдары күрт өсе бастады. Электр энергиясына сұраныстың өсуі тек біздің мемлекетімізге ғана тән үрдіс емес. Соңғы 5 жылда энергия тұтыну Қытайда 76%, Үндістанда – 31%-ға, Бразилияда – 18%-ға артқан. Бұл сұраныс қалалардағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту үшін ұсынылып отырған электрлі транспорттың қолданысқа енуіне байланысты еселене түседі деп күтілуде.
Мемлекетіміз Париж келісіміне қол қойған және оны ратификациялаған. Келісім бойынша 2030 жылға дейін парниктік газдардың шығарындыларын 330 миллион тоннадан асырмау міндеттемесін алды. Кейін бұл бастама 2050 жылға дейін жалғасатын болады. Мұндағы негізгі мақсат жасыл инвестиция нарығын дамыту, таза экологиялық орта құру.
Осы келісімнің орындалуы барысында облысымыз елімізде электр энергиясының т апшылығын с е зіну ықтималдығы зор өңірлердің бірі болып есептеледі. Бүгінде қажетті энергияның негізгі көлемі солтүстік аймақтағы Екібастұз кенішінің көміріне тәуелді жылу электр бекеттерінен 500 киловольттік электр желілерімен жеткізілуде.
Өз облысымызда баламалы энергияның, атап айтсақ: күн, жел және кішігірім тау өзендерінің әлі игерілмеген ресурстары мол. Сонымен қатар электр энергиясын үнемді қолдану мәдениетін қалыптастыру, жергілікті ерекшеліктерге бейімделген баламалы энергетиканың әртүрлі әдістерін дамыту, кәсіпорындарда энергияны аз шығындайтын технологияларды, сандық бақылау және басқару жүйелерін өндіріске ендіру мәселелері әлі толық шешімін тапқан жоқ.
Электр энергиясының тапшылығын алдын алу мақсатында кешенді іс- шаралар жүргізу қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы жоғары білікті электр энергетикасы салаларының мамандарын өз облысымызда дайындау.
Бүгінгі т аңда облысымыздағы электр энергетикасы саласының білікті мамандарын дайындайтын жоғары оқу орыны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты. Институттың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, заманауи, жоғары сапалы теориялық білім мен практикалық тәжірибені қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орнын бітіріп шыққандар үшін Электр энергетикасы мамандығынан магистр академиялық дәрежесін бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттарда алуға мүмкіншіліктер қарастырылған.
О. СҮЛЕЙМЕНОВ, техника ғылымдарының докторы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді