Дінмұхамед Қонаевты Қаратау қаласында қарсы алу.[/caption] Мен Ғайникен Айдарханқызын сонау 1978 жылдан білемін. Ол кезде Ғайникен апа облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы. Ал мен облыстық комсомол комитетінің хатшылығына жаңадан ұсынылған едім. Ғайникен апай маған қолдау білдіріп, сенім артты. Ол кісі өте іскер, талапшыл болатын. Ғайникен Айдарханқызының сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, киген киіміне дейін бізге үлгі болатын еді. Ол облыстағы барлық зиялы қыздардың әпкесіндей болды. Айдарханқызынан біз көп тағылым, өнеге алдық. Біздің облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына Ғайникен Айдарханқызы өте көп үлес қосты. Талай қиын шақтарда елдің сөзін сөйлеп, қарапайым халық жағында бола білді. Қазіргі таңда ол кісі еңбегі елеулі, халқына қалаулы, сыйлы, мол парасат иесі атанып отыр. Ол кісіден тағылым алған жүздеген әйелдер облысымыздың түрлі саласына басшылық жасады, еңбекке қарқын берді. Олар Ғайникен апайдан алған тәлімімен әрқайсысы ондаған іні-сіңлілерге үлгі болды. Сондықтан бүгінгі таңда Ғайникен Айдарханқызының шәкірттері мыңдап саналады. Ол кісі бізге қашанда ұстаз. Ол кісінің өмір жолы бізге тағылым. Міне, бүгін мерейлі жасқа келіп отырған Ғайникен Айдарханқызын үлкен қуанышымен құттықтап, отбасына бақыт, амандық, қуаныш, шаттық тілеймін.
Бәтес Егембердиева, «Әулиеата демеу» корпоративтік қорының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




