Облыстық бұқаралақ ақпарат құралдарының қарашаңырағы – «Ақ жол» 18 000-ыншы нөмірін шығарып отыр екен. Он сегіз мың рет оқырманмен сырласу! Бұл – бір үлкен дастан, бұл – қағазға қатталған тарих. Алуан қилы өмір, тағдыр, оқиға, осы өңірдің шежіресі, күллі өмірбаяны, міне, сонда жазылулы тұр. Қандай шығарманы кім жазбасын көбінесе газетке сүйенеді. Өткен тарихты ақтара қарап, аудара тексеру керек болса, соның бәрі «Ақ жолдың» әрбір бетінде, әрбір материалында сарнап тұр. Мен де бақытыма орай, тағдырдың жазуымен осы облыстық газеттің алты жылға жуық уақыт бас редакторы болдым. Бірнеше жобаларды жүзеге асырдық. Атпал «Ақ жол» деген атпен қосымша 12 беттік етжеңді газеттер шығарып, оған өңірдің әдебиетін, мәдениетін, әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін сыйдыруға күш салдық. Соның негізінде жинақталған жақсы мақалалар бірнеше мәрте кітап болып та шықты. Ең бастысы, «Ақ жол» облыстың, бұқараның айтатын сөзін, тілегін, өтінішін жеткізетін басты мінбері күйінде қалып отыр. Бұл тұрғыда жалпы қазақ журналистикасы халықтан алыстамады, қашанда халықтың сөзін жеткізуге тырысты. «Сары» басылымдардың байбалам салып, беттен алып, төске шауып жататын әрекеттері олар үшін мүлде жат. Қуантарлығы да сол. «Ақ жол» да әлі күнге дейін әділ де ақ сөйлеуінен танбай келеді. Әріптестерімді газеттің он сегіз мыңыншы саны шығуымен құттықтап, шығармашылық табыстарға жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін.
Ұқсас жаңалықтар
Сот жүйесінде татуласу тәртібі қалай реттеледі?
- 14 қаңтар, 2025
Тойымыз түзеліп, асымыз астамшылықтан ада болса...
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді