Облыстық филармонияның жаңа маусымының шымылдығы түрілді. Маусымашар концертке бұл жолы Сәуле Жанпейісова бастаған ұжым барынша шынайы дайындалыпты. Сахнаның безендірілуі, ондағы әр әнге сай бейнелер, бәрі бір-бірімен үйлесіп жатты.
Маусымашар концертте қалыпты репертуардан бөлек жаңа әндер де шырқалды. Әсіресе, «Еліктей ерке қыз», «Кәусар» вокалдық ансамблі солисті Әлішер Балтаев шырқаған халық әні «Назқоңыр» әндерімен қатар «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалған туындылар да халықты серпілтіп тастады. «Ақ кербез» бишілер тобының мың бұрала билеген жаңа билері де концерттің әрін аша түсті. Сиқыр өнеріне де жұртшылық тамсанды. Чайковский әуеніне қойылған би де елдің есінде қалды. Ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған шығармалар да көңілге қонды. Дидар Басықараев, Дулат Байзілдаев, Жақсылық Ажмұхановтардың күй тартыстағы шеберліктеріне тәнті болмағандар аз. Бұл күні дәстүрлі әндермен қатар әлемдік классиктердің туындыларына да сахнадан орын берілді. Ал соңыра филармония директоры Сәуле Жанпейісова бебеулете шырқаған жаңа әндерге залға жиналған қауым ду қол шапалақ соқты. Эстрадалық және дәстүрлі музыканың барлық жанрын қамтыған ән кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған көрермендердің көптеп келіп, қолпаштап отыруы да дәлел.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




