Жылыжай халықтың көкөніске деген сұранысын жабады
Аймақта жылыжай салуға бет бұрған кәсіпкерлер қатары жыл санап артып келеді. Өйткені жылыжайдың тиімділігін түсінген шаруалар шығынды азайтып, өнімді көбейтудің жолын тапқандай. – Қазіргі таңда облысымызда жылыжай салуға ниет танытқан шаруашылықтар жүздеп саналады. Шаруалар осы кәсіп түрін жандандыру арқылы көкөніс көлемін арттыруда. Негізінен шаруалар көкөніс жұмысына кететін шығынды азайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов.
Отандық ғалымдардың айтуынша, соңғы 10-15 жылда жылыжай өніміне деген сұраныс артпақ. Оған басты себеп жердің тозуы, топырақтың құнарсыздануы және климаттың өзгеруі себеп. Қалай дегенмен де, қауіптің алдын алып, азық-түлік, көкөніс мәселесін қазірден шешкен абзалырақ болар.
Бүгінгі таңда облыста жеке қосалқы шаруашылықтардың еншісінде көлемі 5-10 сотық жерді құрайтын 338 жылыжай бар. Олардың өндіріп отырған өнімнің орташа өнімділігі гектарына 70 центнерді құрайды. Алайда өңірдің халық санына шаққандағы ең төменгі тұтыну нормасы, яғни қияр, қызанақ өнімдеріне деген жылдық сұранысты толық қамту үшін 4335 тонна жетпейді екен. Сондықтан аймақта 2022-2025 жылдар аралығында 514 жылыжай салу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, биыл 57 жылыжай салынып, іске қосылмақ.
– Жамбылдық шаруалар жылыжайдың тиімділігін түсінді. Алдағы уақытта тірнектеп істеген тірліктің зая кетпейтінін ұғынған қожалықтар осы кәсіп түрін аймақта дамыта отырып, өз өнімімен халықтың көкөніске деген сұранысын жабады деген сенім мол. Өйткені олар сырттан тасымалданатын өнімнен гөрі, өзімізде өндірілетін таза, отандық өнімнің қай жағынан алғанда да сапасының тиімді, бағасының жүйелі боларын жақсы біледі, – дейді Ербол Жиенқұлов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді