ЕЛ АЙБЫНЫ – ҚАРУЛЫ КҮШТЕР!
Қадірменді Отан қорғаушылар! Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Кез келген елдің дамуының алға қарай өркендеуінің негізі – тыныштық, бейбіт тіршілік. Қауіпсіздігі, қорғанысы, ішкі тұрақтылығы берік, қоғамдық келісімі сақталған ел ғана – ертеңге нық қадам жасап, болашағын бағдарлап, тұрмысын түзей алады.
Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін ел әскері түрлі даму сатысынан өтіп, сан түрлі машықты меңгерді.
Еліміздің тыныштығын сақтауда аянбай тер төгіп жүрген ерлеріміздің ерлігі қашанда еселі. Отанды қорғау, туған жерді жан-тәнімен сүю, елге қызмет ету – әрбір ержігіттің азаматтық борышы.
Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыздың өшпес ерлігінен бастау алып, жалғасып келеді.
Отаным ыз бен әр отбасының тірегі болып жүрген азаматтарымызға сарқылмас ерік-жігер, мықты денсаулық, бақыт, береке тілейміз!
Тәуелсіз еліміз бейбітшілік бесігінде тербеле берсін!
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




