Арманына қол жеткізген дәрігер
Өмір болған соң адамның тісі қақсап ауырмай тұрмайды. Алда-жалда сыздап ауыра қалса стоматологиялық орталықтарға жүгінеміз. Қазір қаланың қай түкпірінде болмасын мұндай орталықтар жетіп артылады. Соның бірін былтыр Нұрила Ержанқызы жұбайымен бірлесе отырып ашқан болатын. Стоматология - дамып келе жатқан саланың бірі. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар сырқаттарды емдеудегі басты құрал-жабдықтар болып табылады. Озық технологиялар мен әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін игеріп, енгізетін клиникалар стоматологтар арасында айтарлықтай бәсекелестікті арттырып отыр. Бұл өз кезегінде орталықтың анағұрлым динамикалық дамуына және аз прогрессивті бәсекелестермен салыстырғанда көбірек пациенттерді тартуға мүмкіндік береді, – дейді ол.
Нұрила Ержанқызы өз жеке кәсібін ашқанға дейін Тараз қаласындағы бір тіс емханасында тіс дәрігері болып жұмыс істеген. Осы салада тәжірибе жинақтап, тұрақты клиенттік базаны қалыптастырған ол тіс емханасында имплантолог болып жұмыс істейтін жұбайымен бірлесе отырып жеке стоматологиялық кабинет ашуды ұйғарды. Сөйтіп олар «AINdent» ЖШС-ын ашып, медициналық стоматологиялық қызметтерді көрсету бойынша Start-Up жобасын жүзеге асыратын стартап компаниясын құрады. «AINdent» ЖШС-ның құрылтайшысы Нұриланың өзі.
Жаңа стоматологиялық кабинетте ерлі-зайыптылардың өздері ғана жұмыс істеп қоймай, қосымша 2 жұмыс орнын ашқан.
– Былтыр ғимарат жалдап, емхананы жөндеуден өткізіп, стоматологияға қажетті құрал-жабдық алу үшін «Даму» қорына қайырылған едік. «Сбербанк» АҚ біздің өтінішімізді қанағаттандырды. Банктің мақұлдауын алғаннан кейін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының басым жобаларды несиелендіру тетігі аясында «Даму» қорының қолдауына ие болдық. Сөйтіп 10 миллион теңге несие рәсімдедік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания субсидиялау құралын пайдалана отырып, несие құнын жылына 6 пайызға дейін төмендете алды, сондай-ақ кепілдік қамтамасыз ету болмаған жағдайда Қордың кепілдігін пайдаландық. Осылайша, біз өз арманымызға қол жеткіздік,-дейді Нұрила Ержанқызы.
Бүгінгі таңда жаңа емхана Тараз қаласы мен облыс тұрғындарына хирургиялық, терапевтік және ортопедиялық стоматология саласында медициналық көмек көрсетуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді