Жүзінен мейірімі төгілген мейірбике
Ләйла Іңкәрбекованың денсаулық саласында еңбек еткеніне 36 жылға жуықтады. Ол 1986 жылы Жамбыл медициналық училищесін бітіріп, еңбек жолын Тараз қалалық №2 емханасында аумақтық медбике болып бастаған. Осы жұмысты үш жыл абыройлы атқарды. Мұнан соң аталған емхананың хирургия бөлімінде ревмотолог дәрігердің қарамағында абыройлы еңбек етті. Ал 1997 жылы балалар бөлімінің аға медбикесі болды. 2008 жылы Қырғыз мемлекеттік И.Арабаев атындағы университетінің «Логопедия» мамандығын бітіріпті. 2015 жылдан бастап №2 қалалық емханада әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінде аға медбике болса, сол жылы мейірбике ісінің үйлестірушісі және «Балалық шақтағы ауруды ықпалдастыра емдеу» инструкторы қызметтерін қосымша атқарды. 2018 жылы «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС-ның филиалы «ZHANUYA» емханасында профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің аға медбикесі болып тағайындалып, сонымен қатар «Балалық шақтағы ауруды ықпалдастыра емдеу» инструкторы болып осы күнге дейін жұмыс істеп келеді.
Ләйла марапаттан да кенде емес. 2015 жылы Ұлттық Медициналық Ассоциациясы «Мейірім» медаліне ие болған. Еліміздің Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен еңбегі аталып өтсе, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен де марапатталыпты. Лайла отбасында сыйлы ана. Перзенттері «анашым» деп еркелетіп, қабағына қарап тұрады.
– Медицина саласында еңбек ету оңай шаруа емес. Бір тәулікте жүзге жуық адамға қызмет көрсетеміз. Олардың мінезі әртүрлі. Біреуі сені түсінеді, енді бірі түсінбейді. Дегенмен осы мамандықты жүрегіммен қалаған соң, ыстық-суығына төзу, үдесінен шығу міндетім. Мен жылдар бойы жинаған тәжірибемді қазіргі таңда жас мамандарға үйретіп, білгеніммен бөлісіп жүрмін, – дейді Ләйла Рүстемқызы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді