Үш айда 184,1 миллиард теңгенің өнімін өндірді
Жамбыл облысы өнеркәсіп экономикасының негізгі салаларының бірі саналады. Бүгінгі таңда облыста өнеркәсіп саласында барлығы 749 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Оның 15-і ірі, 23-і орта, 711-і шағын кәсіпкерлік субъектілері. Осы өнеркәсіп кәсіпорындарында 40556 адам жұмыс істейді. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың кәсіпорындарымен 184,1 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2 пайызды құрады. Облыста тау-кен өнеркәсібінде «Қазфосфат», «ЕвроХим», «Алтын Алмас», «Жамбыл Гипс», «Қаратау Про», «ЖЦПК» және басқа да толық циклды іргелі өндіріс орындары жұмыс істеуде. 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 22,1 мың АҚШ долларын құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,7 пайыз болды.
Облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы арқылы өткен жылы 7 кәсіпорын жалпы сомасы 103,5 миллион теңгеге қолдау алса, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті кемінде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыс жасаудамыз.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының алдын ала мәліметі бойынша облыс бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 156,4 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6 пайызға жетті.
Есепті кезеңде 271,3 мың тонна портландцемент, 99,1 мың тонна мұнай өнімдері, 19,3 мың тонна фосфинат, 83,9 мың тонна минералды тыңайтқыштар, 11,3 мың тонна ферроқорытпа, 1,9 мың тонна натрий цианиді экспортталған.
Қазіргі таңда сауда саласы облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Былтыр облыстың бөлшек саудасы 371,8 миллиард теңгені құрап, 2020 жылға қарағанда 104,5 пайызға өсті. Көтерме сауда 309,1 миллиард теңгені құрап, 106 пайызға ұлғайған.
Сыртқы сауда айналымы 47 пайызға артып, 262,5 миллион АҚШ долларын құраған, соның ішінде экспорт – 11,4 пайызға артып, 65,7 миллион АҚШ доллары, импорт – 64,5 пайызға өсіп, 196,8 миллион АҚШ доллары болды.
ЕАЭО елдерімен өзара сауда да 28,3 пайызға ұлғайып, 318,8 миллион АҚШ доллары болса, оның ішінде экспорт – 101,1 миллион АҚШ доллары, 19,4 пайызға өскен, импорт – 217,7 миллион АҚШ долларына жетіп, 32,9 пайызға ұлғайды.
2022 жылдың қаңтар-ақпанында бөлшек сауда көлемі 52,4 миллиард теңгені құрап, 104,1 пайызғаға өсті. Көтерме сауда ағымдағы жыл басынан бері 38,7 миллиард теңгені құрап, 106,5 пайызға артты.
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 386,6 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 104 пайызды құрайды деп болжануда.
Сыртқы сауда айналымының көлемі 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға төмендеп, 27,3 миллион АҚШ долларын құраса, оның ішінде экспорт – 8,7 пайызға өсіп, 10,0 миллион АҚШ доллары, импорт – 11,7 пайызға азайып, 17,3 миллион АҚШ доллары болған.
2022 жылдың қаңтар айында облыстың ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 18,4 миллион АҚШ долларын құрап, 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17,3 пайызға артса, оның ішінде экспорт – 4,1 миллион АҚШ долларын құрап, 1,5 пайызға азайды, импорт – 14,3 миллион АҚШ долларына, 24,1 пайызға өсті.
Талғат ШАЛДАРБЕКОВ, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының өнеркәсіп және қазақстандық қамтуды дамыту бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- 26 желтоқсан, 2024
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді