Жаңалықтар
Ежелгі шаһарды ұлттық құндылыққа айналдыратын «Көне Тараз» археологиялық саябағы құрылмақ - К.Көкірекбаев
- author «Ақ жол»
- 10 қазан, 2014
- 691
Ежелгі шаһарды ұлттық құндылыққа айналдыратын «Көне Тараз» археологиялық саябағы құрылмақ - К.Көкірекбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ежелгі Тараз шаһарының тарихын ұлттық құндылыққа айналдыратын «Көне Тараз» археологиялық саябағын құру жоспарда бар. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев осылай айтты.
«Соңғы жылдары өңірімізде туризм кластерін дамыту үшін Тараз қаласының орталығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді қолға алдық. Мақсатымыз 2000 жылдан астам тарихы бар, Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан ежелгі Тараз шаһарының өткен тарихын ұлттық құндылыққа айналдыратын «Көне Тараз» археологиялық саябағын құру. Қазіргі уақытта бұл жобаға байланысты тиісті құжаттамалар дайындалу үстінде»,- дейді өңір басшысы брифинг барысында.
Оның сөзіне қарағанда, жоба іске қосылса, жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірге келетін туристер саны 4 есеге артатыны болжанып отыр. Жалпы осы мақсаттар үшін 2014-2017 жылдары облысқа 43 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылмақ.
«Біз 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Таразды шетелдік туристер келіп көретін, оның терең тарихымен жақын танысатын қалаға айналдырсақ деген ойдамыз. Осындай игі мақсаттар үшін республикалық бюджеттен де тиісті қолдау күтеміз», - деді Кәрім Көкірекбаев.
Әкімнің сөзіне қарағанда, аталған жоспар шеңберінде жер телімдерін мемлекеттік меншікке қайтару, қазба және қалпына келтіру жұмыстарына, тарихи-мәдени орталыққа, инженерлік инфрақұрылымдарға 4,5 млрд теңгеден астам қаражат қажет.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- Бүгін, 15:32
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- Бүгін, 15:24
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




