Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек – Тоқаев

Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек – Тоқаев
ашық дереккөз
Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек – Тоқаев
 width= Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 
Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев саяси және әлеуметтік плюрализмнің түбегейлі формада болуына жол бермеу керек екенін айтты.
Азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға жол берілмейді, - деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар