Жаңалықтар
Алматы облысының фельдшері науқасты құтқару үшін өзеннен жүзіп өтті
- author «Ақ жол»
- 22 сәуір, 2022
- 676
Алматы облысының фельдшері науқасты құтқару үшін өзеннен жүзіп өтті
20 сәуірде Балқаш ауданының жедел жәрдем диспетчеріне Іле өзенінің арғы жағында орналасқан фазендадан қоңырау түскен. Көліктер ол жерге жете алмайды, бірақ жергілікті фельдшер мәселені шешудің амалын тапты.
Ол моторлы қайығы бар жергілікті тұрғынды тез тауып алды. 40 минуттан кейін өзенді жүзіп өтті, бірақ науқасқа жету үшін орман арқылы тағы бір шақырым жүруіне тура келді.
Науқасқа жеткен соң ер адам төбелес салдарынан жарақат алғаны белгілі болды. Мас күйінде бір топ адам төбелесіп, біреуі зардап шеккен.
Данияр Күмісбаев зардап шеккен адамға дер кезінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынша фельдшер пышақ жарақатын алған ер адамды дереу жағаға шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. "17 жыл жұмыс істеп, көп нәрсені көрдік. Қандай жағдай болса да, біз әрқашан дайын болуымыз керек. Жедел жәрдемде жұмысымыз тез нәтиже беруі керек. Адам ауырып қалды, көп ұзамай сіз көрсетілген көмектің нәтижесін көресіз", - дейді Данияр Күмісбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




