«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көкпардан ел чемпионаты басталды

Көкпардан ел чемпионаты басталды
ашық дереккөз
Көкпардан ел чемпионаты басталды
 width= Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Оның үстіне біздің «Әулиеата» көкпар клубының даңқы елімізге кеңінен мәлім. Сондықтан көкпардың жанкүйерлері үшін тағы бір қызық іс-шара басталғалы тұр. ҚР Президентінің Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру, жас ұрпақты Отанды сүюге тәрбиелеу, ұлттық өнерге құрметін арттыру мақсатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 21-30 сәуір аралығында көкпардан және аударыспақтан Қазақстан Республикасының ХХІ чемпионаты Әулиеата жерінде жалауын желбіретеді. Аталған чемпионат Тараздың іргесіндегі Бектөбе ауылының аумағында орналасқан «Атшабар» алаңында өтеді. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыстардан құрама командалар қатысуда. Сондай-ақ 57 мен 100 килодан жоғарыларға дейінгі аралықта 8 салмақ бойынша аударыспақ ойыны да өтеді. Кеше чемпионаттың арнайы ашылу салтанаты өтіп, онда ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Мұхтар Имашев бастаған құрметті қонақтар сөз алды. Олар қазақтың атамұра көкпарын дамыту ұлттық құндылықтарды дамыту екенін айтып, барлық құрамаларға сәттілік тіледі.

Есет ДОСАЛЫ

 

Ұқсас жаңалықтар