ӘСКЕРИЛЕР «AQ JOL»-ДЫ ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ

ӘСКЕРИЛЕР «AQ JOL»-ДЫ ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ
ашық дереккөз
ӘСКЕРИЛЕР «AQ JOL»-ДЫ ҚҰТТЫҚТАП КЕЛДІ
Облыс баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Aq jol» газетінің алғашқы нөмірі шыға бастағанына алдағы 1 мамырда 100 жыл толады. Ғасырлық мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінің офицерлері мен жауынгерлері ақжолдықтардың қуанышымен арнайы құттықтап келіп, редакцияның тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен « Aq jol « газетінің 100 жылдық тарихынан сыр шерткен бас редактор Оралхан Дәуіт қасиетті қара шаңырақта қазақ халқының даңқты перзенттерінің ізі қалғанын, Жайық Бектұров, Баттал Жаңабайұлы, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбай, Мақұлбек Рысдәулет сынды мықты редакторлар басшылық жасағанын, қазақ детективі жанрының негізін салған, жазушы Кемел Тоқаевтан бастап, елімізге белгілі көптеген ақын-жазушылар, журналистер осы редакцияда еңбек еткенін әңгімеледі. Алдыңғы толқын салып кеткен жарқын жолды бүгінгі журналистер жарасымды жалғастырып, ел өмірінде болып жатқан жаңалықтардан бастап, облыстың тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтып,  жазып келе жатқанын атап айтты. Мұнан соң сарбаздар редакцияның шығармашылық және техникалық бөлімдерін аралап көріп, газеттің беттеліп, баспаханаға жіберілгенге дейінгі жұмыс барысынан хабардар болды. Сондай-ақ редакция қызметкерлері Ақылжан Мамыт пен Амангелді Әбіл секілді алдыңғы толқын ағалардың естеліктерін тыңдады. Бас редактор Оралхан Әбдірашұлы газет мерейтойына орай арнайы келген әскери бөлім жетекшісі мен сарбаздарына редакция атынан алғысын білдірсе, әскерилер де өз басшылықтарының атынан ризашылықтарын білдіріп, Алғыс хат табыс етті. маған бұл редакцияның жұмысы ұнады. Өзім де мақала жазуға талпынып жүрмін. Бірақ кәсіби журналистерді көру, редакцияның ішкі жұмысымен танысудың әсері бөлек екен. Басылымның өткен тарихын шолып, газеттің шығу процесін өз көзімізбен көріп, рухани жағынан көңіліміз байып қалды. Бұл жүздесуге өте ризамыз, – дейді қатардағы жауынгер Төлеген Мұхтархан. Жүз жылдық қарсаңында ізгі тілекпен шығармашылық ұжымның табалдырығын алдымен жауынгерлердің аттағанына бір қуансақ, олардың арасында жазуға икемі бар жастардың болғанына екі қуандық.

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар