Жаңалықтар
Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2022
- 955
Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен «AMANAT» партиясының хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды.
Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.
2009 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




