ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ ДУБАЙҒА ҰШЫП КЕТПЕК БОЛҒАН
Бектенов қазір Алматы мен астанада "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын атап өтті
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Бектеновтің айтуынша, Сатыбалдыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Алматы облысының аумағында ұстаған.
"Біздің ақпарат бойынша ол Дубайға ұшып кетпек болған. Қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ", - деді Бектенов үкімет кулуарында.
Айтуынша, Сатыбалдыға қатысты "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Сондай-ақ Бектенов қазір Алматы мен астанада "Қазақтелеком" кеңселерінде тінту жүріп жатқанын атап өтті.
Ал "Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынған. Ол қазір өзінің жұмыс орнында.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




