Жаңалықтар
БАС ПРОКУРОР АЛМАТЫҒА 20 МЫҢ ШЕТЕЛДІК ЛАҢКЕС БАСЫП КІРДІ ДЕГЕН АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2022
- 802
БАС ПРОКУРОР АЛМАТЫҒА 20 МЫҢ ШЕТЕЛДІК ЛАҢКЕС БАСЫП КІРДІ ДЕГЕН АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ
Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 20 мың шетелдік террорист қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Бүгінде 19 шетелдік ұсталды. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Олардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. 20 мың шетелдік террорист болған жоқ, сіздер мұны қайдан алғандарыңызды білмеймін", - деп жауап берді Асылов мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік төңкерісті ислам радикализмінің өкілдері қаржыландыруы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.
Бұдан бөлек, Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар саны бойынша айырмашылықты түсіндірді. Мәжіліс отырысында Бас прокуратура 230 адам, ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова 238 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.
"Әзімова тергеу изоляторларына қамалғандарды да санаған. Олар бұрын қамауға алынғандар, науқастар көп болды, ол жалпы санын алып отыр. Әзімова айтқан сегіз адам қаңтар оқиғасына қатысқан жоқ", - деді бас прокурор.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




